Қазақстан балмұздағы әлемге танылуда: Экспорттан түскен табыс 77%-ға өсті

Қазақстандықтар қай балмұздақты сүйіп жейді? Статистика жарияланды

10 Шілде 2026, 14:30
АВТОР
 stat.gov.kz 10 Шілде 2026, 14:30
10 Шілде 2026, 14:30
158
Фото: stat.gov.kz

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілгені туралы статистиканы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі көрінеді. Ол 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%-н құрап отыр.

Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна) бар.

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құраған. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.

Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық, - делінген лттық статистика бюросының хабарламасында.

Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.

Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.

2026 жылғы қаңтар–сәуірде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Балмұздақтың негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156,0 тонна).

Наверх