Бұл күндері Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында климаттың өзгеруі жөніндегі Конвенция Тараптарының Pre-COP29 дайындық кеңесі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының делегациясын Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев басқарды.
Қазақстан Париж келісімінің және БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының тарапы бола отырып, белсенді климаттық саясат жүргізеді.
PreCop, ағымдағы жылдың қараша айында Бакуде өтетін Тараптардың 29-шы конференциясында қол жеткізілетін прогресс үшін жоғары деңгейдегі саяси шешімдерге бағытталған. COP29-да күтілетін жетістіктер климаттық қаржыландыру, Париж келісімінің 6-бабының энергетикалық ауысуы және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері болып табылады.