Қазақстан азаматтары ауыр жарақат алмаған: ҚР СІМ Ресейдегі төбелеске қатысты пікір білдірді

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

 видеодан кадр Бүгiн 2026, 11:45
Бүгiн 2026, 11:45
328
Фото: видеодан кадр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, болған жағдайдың мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін Ресейдің құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шараларды жүргізген, оның ішінде қақтығысқа қатысушыларды ұстау да бар. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР СІМ мәліметінше, қақтығыс барысында Қазақстан азаматтары ауыр жарақат алмаған, ешкім ауруханаға жеткізілмеген. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты, құзырлы органдардың бақылауында.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста. ҚР Бас консулы оқиға орнына барып, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсету және жағдайдың барлық мән-жайын нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Ерлан Жетібаев.

Еске салайық, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен төбелес болған.

Наверх