Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

 Спортты дамыту дирекциясы 23 Қыркүйек 2026, 08:06
23 Қыркүйек 2026, 08:06
92
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Скит бағдарламасының іріктеу кезеңінде Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаевадан құралған қазақстандық команда 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 287 ұпаймен Қытай құрамасы алды. Үшінші орынға 266 ұпай жинаған Үндістан командасы жайғасты.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы жарыстың 35 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.

Наверх