Қазақстан әйелдер күресінен халықаралық турнирде екі медаль иеленді

27 Шілде 2022, 06:24
1363
Бөлісу:
Қазақстан әйелдер күресінен халықаралық турнирде екі медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды.

Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Қайпанова-Седнева екінші болды. Бірінші орын поляк спортшысы Роксана Засинаның еншісінде қалды. Анна Андреевна (Румыния) мен Мария Винник (Украина) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Диана Каюмова қола медаль жеңіп алды. Біріншісі – Соломия Винник (Украина), екіншісі - Грейс Буллен (Норвегия). Поляк спортшысы Йовита Вжесень Каюмовамен үшінші орынды бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы