Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынады

26 Қыркүйек 2023, 16:27
761
Бөлісу:
Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынады
Фото: АШМ

АШМ бидайды Қазақстанға әкелуге тыйым салу мен шектеулерді ұзартады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бидайдың «сұр импортын» болдырмау үшін 2023 жылғы 26 қыркүйектегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен биылғы жылдың 11 қазанынан бастап 6 ай мерзімге Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап лицензияланған элеваторларға, сондай-ақ астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, темір жол көлігімен бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Лицензияланған элеваторлардың тізбесі сайтта орналастырылған. Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және өзектендіреді.

Айта кетейік, темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Өзгелердің жаңалығы