Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогіндегі екінші жүлдеге қол жеткізді

5 Мамыр 2024, 22:31
327
Бөлісу:
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогіндегі екінші жүлдеге қол жеткізді
Фото: olympic.kz

Әртістік жүзуден Қазақстан командасы Париждегі (Франция) әлем кубогі кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Командалық сындағы еркін бағдарламада үшінші орыннан көрінді.

Қазақстан құрамасы 253.6353 ұпаймен үздік үштікті тұйықтаса, Жапония 323.3207 ұпаймен алтын, Канада 297.5853 ұпаймен күміс медаль иеленді.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Наргиза Болатова мен Эдуард Ким аралас жұптық сында алтын медаль алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы