Қазақстан-Армения қатынасына 30 жыл

24 Тамыз 2022, 11:42
1043
Бөлісу:
Қазақстан-Армения қатынасына 30 жыл
Фото: СІМ

Армения астанасында Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Армения Сыртқы істер министрлігінің, сарапшылар қауымдастығының, іскерлік топтардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев қатысушыларды саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму барысы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасы туралы хабардар етті.

АР СІМ Еуразиялық өңір департаментінің басшысы Давид Вирабянның айтуынша, дипломатиялық қатынастардың орнаған уақыттан бері Армения мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық рухында дамып келеді. Өз кезегінде армян сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғырудың, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Жетекші сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаны қолдап, ҚР басшылығының саясатын жоғары бағалады.

СІМ-нің мәліметінше, іс-шара барысында қазақстандық-армян ынтымақтастығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Құрметті консулы Арам Абраамянға «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалі табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы