Қазақстан АӨСШК жұмысын әрі ілгерілетуге ниетті – Тоқаев

13 Қазан 2022, 10:44
818
Бөлісу:
Қазақстан АӨСШК жұмысын әрі ілгерілетуге ниетті – Тоқаев

Бұл туралы АӨСШК саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Отырыстың Төрағасы ретінде АӨСШК процесін одан әрі ілгерілету үшін күш-жігерді арттыруға ниетті.  Мүше мемлекеттердің қолдауымен бұл нақты нәтижелер әкелді. Өткен жылы АӨСШК сенім шараларының каталогы қайта қаралды, ол эпидемиологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі сияқты ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттарын қамтиды. Біз консультативтік-кеңесші орган – АӨСШК данышпандары кеңесін құрдық, оның құрамына көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері кіреді, олардың мол тәжірибесі мен білімі бірлескен күш-жігерімізді жүзеге асыруға ықпал етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 2022-2024 жылдары жаңа мерзімге төрағалық ету туралы өтінішін қолдаған АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің бәріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің алдында маңызды міндеттер тұрғанына тоқталып, Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артатынын айтты.

Бірінші, экономикалық өлшем. Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға баса мән беру маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы