Қазақстан әлемде жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша үштікте тұр

18 Сәуір 2023, 11:07
1657
Бөлісу:
Қазақстан әлемде жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша үштікте тұр
Фото: vesti.ru

Елімізде халық арасындағы суицид деңгейі өршіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыында мәлімдеді.

Әртүрлі мәліметтерге сәйкес, халық арасындағы суицид деңгейі бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 20-орында тұр. Ал жасөспірімдер арасында үштікке кіреді. Нақтырақ ресми мәліметтерге сәйкес, Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид және 21 332 оған оқталу жағдайлары тіркелген. Яғни, 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу жағдайлары келеді. Олардың 86 суициді және 20 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу әскерде орын алған. 10 мың әскери қызметшіге 6 суицид және оған оқталу деген сөз, - деп атап өтті Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау көбінесе әскерде орын алды деген қоғамдағы пікір ресми мәліметтер арқылы расталған жоқ.

Бұл ретте денсаулықты қорғау мен профилактикасы бойынша уәкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі екендігін атап өткен жөн. Ол уәкілетті орган халыққа медициналық-әлеуметтік көмек пен психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарға көмек көрсету стандарттарын бекітіп, қолданылуда, - деді Мақсат Қазиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде соңғы үш жылда үш жүзге жуық әскери қызметші қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы