Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
25-29 қыркүйекте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Венада өтіп жатқан бас конференциясының 67-сессиясына қатысады. Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әлеуетін көрсету мақсатында “Қазатомпром” АҚ, Ұлттық ядролық институты мен Ядролық-физикалық институты ақпараттық стенд-павильон ұйымдастырды,- деді Айбек Смадияров министрліктің баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Смадияров конференция аясында МАГАТЭ-мен ынтымақтастық бойынша іс-шаралар қарастырылғанын, елімізден Алмасадам Сәтқалиев басқа ұлттық компаниялар мен МАГАТЭ-нің басшысымен екіжақты кездесулер өткізетінін атап өтті.