Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің биыл мұнай өндірісі ұлғайтылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы мұнай өндіру көрсеткіштері қандай?
Жоспар бойынша 90,3 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілуі керек еді, алайда нақты өндіріс - 87,7 млн тонна. Бұл 2,6 млн тоннаға төмен.
Министрдің дерегінше, өндірістің төмендеуіне келесі факторлар әсер етті:
-Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- Қарашығанақ кен орнында жоспардан тыс тоқтаулар орын алды;
- Орынбор газ өңдеу зауытына газ қабылдау шектелді;
- Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындады.
Министрдің айтуынша, өндірістің төмендеуі уақытша ғана.
Біз жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтадық, енді жаңа жобаларды іске асырып, өндірісті арттыруға көшеміз, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары – 96,2 млн тонна. Бұл көрсеткішке жету үшін бірнеше ірі жобалар іске қосылады.
1. Теңіз кен орнын кеңейту
2025 жылдың екінші тоқсанында Болашақ кеңейту жобасы (ПБР) іске қосылады. Бұл Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемін арттырады. Жобаға 598 млн доллар инвестиция салынады.
2. Қарашығанақтағы жаңа компрессор
Қарашығанақ кен орнында шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессоры іске қосылады. Бұл өндіріс деңгейін жылына 11-12 млн тонна көлемінде тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны – 140 млн доллар.
3. "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" жобалары
2025 жылы "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" кен орындары бойынша негізгі жобалау жұмыстары (FEED) аяқталып, ЕРС (инженерлік, сатып алу және құрылыс) бойынша тендер өткізіледі. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру бойынша түпкілікті инвестициялық шешім (FID) қабылданады.
Бұл жобалар іске қосылғанда, ең жоғары өндіріс кезеңінде жылына 4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі – 6,6 млрд доллар.