Қазақстан 38,4 млрд доллардың затын сырттан импорттайды

5 Сәуір 2022, 11:16
2405
Бөлісу:
Қазақстан 38,4 млрд доллардың затын сырттан импорттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Өңдеу өнеркәсібінің қандай мүмкіндігі мен даму әлеуеті бары бойынша Үкімет бізге тапсырмалар берді. Ол бойынша біз зерттеу жүргізіп, 4 нақты мақсатты бекіттік. Оның ішінде импортты алмастыру мүмкіндігі мен экспорттық әлеуетті арттыру перспективаларын ескере отырып жүргізілді. Сондай-ақ шикізат базасы, кадрлардың құзыреттілігі және инфрақұрылымның болуы есепке алынды, - деді Өскенбаев. 

Министр атап өткендей, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша елдегі барлық импортқа талдау жасалды. 

Импорттың жалпы сомасы 38,4 млрд АҚШ долларын құрады. Елге машина жасау (16,4 млрд АҚШ доллары), химия өнеркәсібі (3,2 млрд АҚШ долл.), қара металлургия (2,4 млрд АҚШ долл.), жеңіл өнеркәсіп (2,2 млрд АҚШ долл.), құрылыс материалдары (1,4 млрд АҚШ долл.), түсті металлургия (679 млн АҚШ долл.) өнімдері үлкен көлемде жеткізіледі,- деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы