Былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығы жоғары ел болып қала береді. Сондай-ақ, Орталық Азия аймағында шетелдік инвестициялар ағыны бойынша көш бастап тұр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін 2012 жылы ғана тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд АҚШ долларын құраған. Осы жылдың І тоқсанында 7,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық,- деді Алмас Айдаров.