Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Кazinformға сілтеме жасап.
«Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.
Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген компания мәліметінде.