Қазақмыс филиалының атауы Қ.И. Сәтбаевтың құрметіне өзгертілді

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы "Жезказғантүстімет" ӨБ атауы ресми түрде Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезказғантүстімет» ӨБ болып өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 16 Қараша 2024 2024, 00:15
16 Қараша 2024 2024, 00:15
812
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы "Жезказғантүстімет" ӨБ атауы ресми түрде Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезказғантүстімет» ӨБ болып өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл тарихи қадам биыл 125 жасқа толған көрнекті ғалым және қазақстандық геологияның тұңғыш жол салушысы Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесін мәңгі есте қалдыруды көздейді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуына зор үлес қосты. Филиал атауын өзгерту – бұл ұлы ғалымның рухына құрмет ғана емес, оның Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін мойындау, – деп жазды министрлік.

Наверх