«Қазақконцерт» ұйымының солистері Вашингтонда өнер көрсетті

28 Қазан 2023, 12:17
518
Бөлісу:
«Қазақконцерт» ұйымының солистері Вашингтонда өнер көрсетті
Фото: «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері Вашингтон қаласында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосының гастрольдерін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырды.

«FORTE TRIO» «The Renwick Gallery» өнер мұражайында концерт берді. Онда қазақстандық және американдық композиторлардың шығармалары, Қазақстан мен АҚШ әнұрандары шырқалды.

Бір күннен кейін шығармашылық топ Вашингтондағы ең көне фортепиано клубында өнер көрсетті. Қонақтарға «Япурай» және «Көроғлы» қазақ халық шығармалары, «G-moll фортепиано триосы» (Б. Сметан), «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдерінен» «Күз» және «Көктем» танго фрагментері (А. Пьяццолла) және «Дамы в лиловом» (Н.Хесс) шығармалары ұсынылды.

«FORTE TRIO» - бүкіл әлем бойынша белсенді түрде концерт беретін ең үлкен сұранысқа ие камералық ансамбльдердің бірі. Қазақстандық ұжымның концерттері Францияда, Люксембургте, АҚШ-та, Италияда, Германияда және т.б. өтуде.

Өзгелердің жаңалығы