«Қазақконцерт» солисі Португалиядағы конкурста бірінші орын алды

5 Қыркүйек 2022, 18:05
777
Бөлісу:
«Қазақконцерт» солисі Португалиядағы конкурста бірінші орын алды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік  ұйымының «Эстрадалық өнер» бөлімінің солисі Гүлнар Көшенова Португалияда өткен «FICSE-2022» конкурсында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Португалияда өткен халықаралық ән байқауындағы жарқын өнеріңізбен кезекті рет асқақ арманға деген құлшынысы зор дарынды, еңбекқор әнші екеніңізді паш еттіңіз. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Өзіңізді және ұжымымызды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Гүлнар жас болса да өте талантты. Бұл Гүлнар үшін үлкен өнер мен үлкен сахнаның бастауы. Алар асуларыңыз биік болсын! Алдағы уақытта да жаһандық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, жарқын жетістіктеріңізбен еліміздің, ұжымымыздың мерейін үстем ете беріңіз, - деді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ директоры Ақтоты Райымқұлова.

Гүлнар Көшенова - халықаралық байқаудағы жеңісіне құтты болсын айтқан ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ән байқауларына қатысып, ел мерейін асқақтатуға күш салатынына сендірді.   

Өзгелердің жаңалығы