Қазақфильм екі толықметрлі көркем фильм түсіреді

11 Қазан 2022, 19:31
1455
Бөлісу:
Қазақфильм екі толықметрлі көркем фильм түсіреді

«Қазақфильм» киностудиясы «Әбіл», «Набат операциясы» атты жұмыс атауымен екі толықметражды көркем фильмді шығаруға дайындық үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық режиссерлер өз жобаларын қорғаудан сәтті өтті.

2022 жылдың 17 қазанынан бастап «Әбіл» кинокартинасының түсірілімі басталады. Фильмнің сценарий авторы және қоюшы режиссері белгілі қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендір.

Фильмнің сюжеті Қазақстанда 1993 жылы өрбиді.  Колхоздар таратылған уақыт, шаруа қожалықтары мен ұжымдардағы қирау кезеңі. Кеңес үкіметі дәуірінде халықтың жалпыға ортақ меншігі болған барлық мал- мүлкі бір сәтте қолға алынып, атқарылған еңбектері үшін адамдар арасында бөлініске түседі. Оқиға Кеңес Одағының ыдырау тақырыбын қозғайды. 

Келесі толықметражды  «Набат операциясы» көркем фильмі де өндіріс процесіне кіріспек.

«Набат операциясы» кинокартинасы - режиссер және сценарист Рашид Сүлейменовтің жобасы. Шытырман оқиғалы фильмде зұлым күшке қарсы тұрған полиция мен ұлттық қауіпсіздіктің әрекеттері ғана емес, сонымен бірге қауіпті жағдайда болмыстары мен адами қасиеттері көрініс тапқан барымтаға түскен қарапайым адамдар жайлы баяндалады. 

Барлық жобалар Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен іске асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы