Қазақ Ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

13 Ақпан 2024, 15:43
7884
Бөлісу:
Қазақ Ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды
Фото: жеке мұрағатынан

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.K.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды.

Жаңа басшыны театр ұжымына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов таныстырды.

Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының жетекшісі Болат Салтайұлы Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызын жаңа қызметімен құттықтай келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

1996-1999: аспирантура, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; 1995-1996: магистратура, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы
1990-1995: филология мамандығы, Жамбыл педагогикалық институты, Тараз қаласы
2022 тамызынан бастап: «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК (көркемдік жетекші) 2021-2022: «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК (директор, көркемдік жетекші)
"Бөрте" тарихи-драмалық спектаклі;
"Фариза" драмалық спектаклі;
"Махаббат мұнарасы" лирикалық драма;
"Қорқыт туралы аңыз" спектаклі;
2010-2021: «Idea Fabric» ЖШС-лары, (бас продюсер)
2001-2011: «Хабар» Агенттігі» АҚ (бас продюсер, бас редактор)

1999-2001: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасы (оқытушы)

Өзгелердің жаңалығы