Қазақ тілінің болашағы цифрлық әлеміне байланысты – Саясат Нұрбек

2 Қазан 2023, 17:36
1420
Бөлісу:
Қазақ тілінің болашағы цифрлық әлеміне байланысты – Саясат Нұрбек
Фото: Арман Мухатов - Архив

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасына қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтқан мәселені толықтыра кетті.

Қазіргі таңда кез келген тілдің болашағы тікелей цифрлық әлеміне байланысты. Яғни тілдің цифрлық алгоритімін қамтамасыз ету оның тірі қалуының кепілі, - деді ол.

Осы орайда министр «Тіл-қазына» ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтті.

Ол институт толыққанды лингвистикалық корпусымызды пысықтап жатыр. Лингвистикалық корпусты толыққанды цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Google, Microsoft компанияларымен да келісіп жатырмыз. Қазақ тілі солардың виртуалдық көмекшілерінің, қазіргі жасап жатқан жасанды интеллектінің ішінде болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы