Қазақ тілінде сөйлейтін уақыт келді – Илья Ильин

17 Қазан 2023, 15:27
2729
Бөлісу:
Қазақ тілінде сөйлейтін уақыт келді – Илья Ильин
Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желіде жазылушыларына үндеу тастады. Спортшы қазақ тілін үйренудің уақыты келгенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың 16 қазанында жарияланған кадрларда Ильин жұбайымен бірге көлікте келе жатыр.
Бейнероликте спортшы жазылушыларымен амандасып, аптаның сәтті өтуін және жақсы көңіл-күй тілейді. 

Сәлеметсіздер ме құрметті достар! Сәлем, Қазақ елі! Біз жұбайым екеуіміз сіздерге жақсы апта тілейміз. Ұстазыммен қазақ тілінде сөйлеуді үйреніп жүрміз. Қандай сөздерді көп айтпау керек екенін ескертеді. Алдағы уақытта қазақ тілінде сөйлеуді арттыра бермекпіз, – дейді Илья Ильин.

Әлжелідегі пікірлерде спортшыны мақтаған жазбаларды көруге болады. 

Жарайсың, Илья! Күннен-күнге жақсы сөйлеп келе жатырсыз. Тіліңіз өте таза. Сіз үшін біз қуаныштымыз, – делінген пікірлерде.

Өзгелердің жаңалығы