Қазақ тілін үйрететін онлайн сөздік іске қосылды

20 Шілде 2023, 10:58
1371
Бөлісу:
Қазақ тілін үйрететін онлайн сөздік іске қосылды
Фото: скриншот

IT саласының мамандары қазақ тілін үйренуге пайдасы тиетін қазақ сөздігін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тинейджер-бағдарламашылар үлкен функционалы бар және қазақ тілін үйренуге өте пайдалы www.kashgari.kz қазақ сөздігін іске қосты. Мысалы, белгілі бір сөзді іздеу кезінде пайдаланушыларға оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, анықтамасы және қолдану мысалдары ұсынылады. Сонымен қатар пайдаланушы жүктелген мәтіндерді оқи отырып, түсінбеген сөздерді сайттағы гиперсілтеме арқылы түсініп, үйрене алады.

Біздің команда жақында құрылғанына қарамастан, аз уақыт ішінде біз осындай жобалармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие болдық және сонымен қатар тіліміздің барлық ерекшеліктерін игеріп, білімімізді толықтырдық. Қазіргі уақытта www.kashgari.kz жобасы әлі толық аяқталған жоқ және сол себепті біз шағын fundraising-ті жариялаймыз. Біздің мақсатымыз – жылдың соңына дейін деректер базасын 8 000 сөзге дейін ұлғайту, сайттағы түсінбейтін сөзге бағыттайтын сілтемелердің пайызын арттыру және сайтымыздың оқу бөлімін кеңейту үшін сайтқа танымал қазақ ертегілері мен әңгімелерінің түрлі мәтіндерін қосу, - дейді жобаның авторлары.

Жас IT мамандары қазақ тілін үйрену үшін сапалы әрі пайдалы ресурс құру мақсатынан басқа, олар бір-бірімен байланыста болу маңызды болғанын айтады. Өйткені олар оқуға түсіп, жан-жаққа тарап кеткен.

Жалпы қазақ тілінің қоғамдағы мәселелері мен оған деген немқұрайлылығы бізді біріктіріп, белгілі бір жоспарға айналған идеяға әкелді, ол белгілі бір дәрежеде жоба мәртебесіне ие болу үшін жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылды, - деді kashgari.kz командасы.

Командада 7 негізгі адам болды: Бурамбаев Тамерлан, Шатохин Даниил, Сұлтанов Әлімжан, Ерзатұлы Әмірлан, Доненбаев Қайдар, Қанат Арлан және Исабеков Елнұр. Сондай-ақ редактор әрі сөз базасын құруға көмектескен қазақ тілінің мұғалімі - Нұржан Елеубайұлы.

Өзгелердің жаңалығы