QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз – Жәнібек Әлімханұлы 

27 Маусым 2021, 14:03
2715
Бөлісу:
QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз – Жәнібек Әлімханұлы 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокста 10-шы жеңісіне қол жеткізген спортшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында жазба қалдырды.

Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! Аллаға шүкір! Мансабымыздың жаңа белесіне шықтық. Біз мықтымыз. Біздің стиль мықты. Бұйыртса, QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет, - деп жазды ол.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Ол алтыншы раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кейін Р.Брант тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты.

Қазақстандық боксшының өнеріне тамсанған Sky Sports Boxing танымал британдық телефраншизаның твиттер-аккаунтында оның жеңісі туралы да жазба жарияланған еді.

Өзгелердің жаңалығы