Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

6 Қыркүйек 2022, 18:18
1167
Бөлісу:
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Қазақстандық спортшылар ел халқын жарқын жетістіктерімен қуантып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Сіздердің назарларыңызға ірі халықаралық жарыстардағы отандастарымыздың ең маңызды жеңістерін ұсынамыз. 

Үстел теннисі. Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды. Ол Азия чемпионатының медалін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық азамат. 

Байдарка мен каноэде есу. Мария Бровкова 1 000 метр қашықтықта алтын және 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды (каноэ - жалғыз).

Құзға өрмелеу. Дамир Тоқтаров АҚШ-тағы жастар арасындағы әлем чемпионатында «жылдамдық» бойынша үшінші орын алды. 

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Дойбы. Болгарияда дойбыдан әлем чемпионаты өтті. 9 жасқа дейінгі рапид номинациясында Алтынай Саматова әлем чемпионы атанды, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында күмісті Айбек Есенғалиев, 20 жасқа дейінгі жастар арасында қоланы Есбол Еренғайып жеңіп алды. 

Блицте Алтынай Жұмағалдиева (27 жасқа дейінгі) әлем чемпионы болды, Алтынай Саматова да алтын және блицте, Тоғжан Тәжібекова (17 жасқа дейін) күміс жеңіп алды. 

Классикада Алтынай Саматова да өз жасында абсолютті чемпион атанса, Тоғжан Тәжібекова (17 жасқа дейін) алтын, Айбек Есенғалиев (14 жасқа дейін) қола жүлдеге ие болды. 

Жастар арасындағы әлем чемпионаты кезінде ерлер мен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты қатар өтті. Алтынай Жұмағалдиева мен Тоғжан Тәжібекова екі номинация (блиц және классика) бойынша қола жүлдегер атанды.

Өзгелердің жаңалығы