Қазақ қызы Мадина Сингапурдағы Microsoft кеңсесін көрсетіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді

19 Тамыз 2022, 11:18
2007
Бөлісу:
Қазақ қызы Мадина Сингапурдағы Microsoft кеңсесін көрсетіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді
VIDEO
Фото: Мадинаның әлеуметтік желісінен

Қазақстандық Мадина Расулова әлеуметтік желіге Сингапурдағы Microsoft офисі бойынша бейнеэкскурсия жасап, бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады. Оның Instagram-да жариялаған ролигі үш миллионнан астам рет қаралған. 

Мадинаның күн тәртібі сағатына дейін есептеліп, реттелген. Ол таңғы 6:45-те  тұрып, йогамен айналысады, кейін жұмысқа жиналып, сағат 9:00-де жұмыс орнында болып, өзіне жүктелген міндеттерді атқарады.

Microsoft жұмысына кіреберісте оны сүйкімді робот қарсы алады. Қыздың үйде таңғы ас ішуге уақыты болмағандықтан, ол жұмыста тамақтанады. Кеңседе сіз кез-келген жерде жұмыс істей аласыз. Бірақ оған үлкен панорамалық терезенің жанында жұмыс істеген ұнайды. 

Бүгін менің жұмысым өте көп, өйткені үлкен жоба жүргіземін. Бірнеше онлайн кездесуді өткізу үшін арнайы дыбыс өткізбейтін кабинаға барамын. Енді түскі ас уақыты болды. Мен жақын жердегі  сүйікті вегетариандық бентоны алып, жұмысыма ораламын. Әріптестеріммен кездесіп, кездесуге асығамын, - дейді Мадина өзінің күні туралы видеода.

Бір қызығы, сіз Microsoft-та тек отырып қана емес,  тұрып та жұмыс жасай бересіз, ол үшін барлық жағдай жасалған. 

Мен бүгін өзіме берген барлық тапсырманы 17:30-да бітіріп, жұмыс соңында медитация жасадым, - деп жалғастырады ол.

Содан кейін Мадина кеңседен шығып, жұбайымен бірге үйге бару үшін аялдамаға асығады.

Үйде мен дәмді тамақ ішіп, демаламын және жаңа жұмыс күні үшін күш-қуат жинаймын, - деп түйіндеді қыз.

Шабыттандыратын бейне жүз мыңға жуық лайк пен 3,5 миллион қаралым жинаған. Мадина жүктеген видеоға қазақстандықтар да пікірлерін қалдырып жатыр.

«Армандар орындалған кезде!», «Қандай керемет!», «Бұл өте керемет, еңбегіңіз ақталды деген осы болар», «Өз жұмысыңды жақсы көріп, содан шабыт алу деген осы болар», «Мен ұмтылатын өмір»  деп қазақстандықтар таңданыстарын жасырмай, пікір қалдырып жатыр. 

Белгілі болғандай, Мадина Алматыда дүниеге келген, бірақ тоғыз жыл бұрын шетелге кеткен екен. Ол Сингапурда үш жылдан бері тұрып келе жатыр.

Бір жылдай Microsoft-та бизнес-бағдарламалық менеджер болып жұмыс істеймін. Маған біздің кеңсе өте ұнайды, бірақ мен Азия-Тынық мұхиты аймағының бірнеше елімен жұмыс жасайтындықтан, біздің көптеген кездесуіміз онлайн режимінде өтеді. Онлайн кездесулерді үйде отырып та өткізе беруге болады.Мен кеңсеге аптасына бір-екі рет барамын. Мен кеңсенің ішкі көрінісін көретіп, қалай жұмыс істейтінімді және отбасым мен достарымды, өмірімнің бір бөлшегін көрсеткім келді,  - дейді ол.

Ол Лондонда «Медиа және коммуникация» мамандығы бойынша оқып, шетелде білім алған.

Instagram-да Мадинаның 25 мыңға жуық оқырманы бар. Ол оқырмандарымен шетелде өмір сүру тәжірибесімен белсенді түрде бөлісіп, саяхат туралы кеңес береді.

Қазақ қызы Мадина Сингапурдағы Microsoft кеңсесін көрсетіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді

Мадина Расулова жұбайымен бірге дұрыс тамақтануға арналған «Мама, я веган» кітабын жазып шығарды. Оның осы салада кәсіби сертификаты бар - вегетариандық тамақтану бойынша нутрициолог.

Өзгелердің жаңалығы