Қазақ-қытай шекарасы маңында жанармайға сұраныс артты

3 Тамыз 2023, 23:44
977
Бөлісу:
Қазақ-қытай шекарасы маңында жанармайға сұраныс артты

Үржар ауданында жанар-жағармай қоры жеткілікті, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Үржар ауданында 14 жанармай құю стансасы бар. Қазіргі уақытта туристік маусымның қызған шағында автокөлік санының көбеюіне (күніне шамамен 2500 автокөлік), сондай-ақ шекарадағы көлік-логистика орталығының жұмысына (күн сайын 120 жүк көліктері ҚХР жөнелтіледі) байланысты жанармайға сұраныс артты.

Әсіресе АИ-92 маркалы бензинге сұраныс жоғары.

Бақты, Үржар ауылдарында және Таскескен-Бақты республикалық тас жолының 92 шақырымында орналасқан «PetroRetail» және «Helios» жанар-жағармай құю станса желілері компанияның Аягөз және Өскемен қалаларындағы мұнай базаларын үздіксіз жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда облыстағы жанар-жағармай қоры: АИ-92 - 82,6 тонна; АИ-95 - 6,0 тонна; Дизель отыны- 92,5 тонна.

Қазіргі күні ауданға: АИ-92 - 117,9 тонна, дизель отыны - 6,5 тонна келе жатыр.

Айта кетсек, 30 шілдеде Қабанбай ауылында «Alem Trans Oil» ЖШС сыйымдылығы 30 текше метрді құрайтын жылжымалы модульді жанармай құю станциясы іске қосылды.

Ауданда жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы