Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында паспорттық бақылауда кезекте тұрған адамдар шу шығарып, төбелесіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода шекарадан өтуге кезекте тұрған адамдардың бір-бірін итеріп, ұрып-соға бастағаны көрінеді. Кадрдан айғай-шу да естіледі.
Бейнежазба авторының айтуынша, бұған өткізу жүйесінің істен шығуы себеп болып, құжат рәсімдеу жұмыстары кідірген.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өткізу жүйесінің істен шығуынан шамамен мың адам кептеліп қалды. Цифрландырудың “жоғары” деңгейі, – делінген видео сипаттамасында.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өз тараптарынан ешқандай ақау тіркелмегенін айтып, мәселе бойынша Шекара қызметіне немесе ҰҚК-ге жүгінуге кеңес берді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сауалға жауап берген жоқ.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға байланысты белсенді пікір білдіруде:
"Мынау не сұмдық, шыдап күтуге болмай ма? Қайда асығып жатырсыздар, азаматтар?", "Барлық ХҚКО-да да осылай - бәрі қатып қалады…", "Қағазда бәрі жақсы", "21 ғасыр, бірақ база жұмыс істемейді. Ұят қой", "Төтенше жағдайға арналған балама жүйе жасауға болмай ма?" - деп пікір білдіруде желі қолданушылары