Қазақ күресінен 48 келі салмақта Айжан Жылқыбаева жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол қарсыласы қырғызстандық Луиза Асакееваны таза жеңіспен жеңді.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақ бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр.
Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.