Қазақ боксшылары GREE BEE турнирінде алты жүлдеге ие болды

9 Наурыз 2020, 15:02
2085
Бөлісу:
Қазақ боксшылары GREE BEE турнирінде алты жүлдеге ие болды

Алматы, BAQ.KZ. Финляндияда бокстан Gree Bee халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық боксшылар аталған жарыста алты медаль жеңіп алды. 

Бұл туралы Olympic.kz сайтында хабарланды. 

Ел құрамасына алтын жүлдені 91 келіде жұдырықтасқан Тоғамбай Сағындық әкелді. Қайрат Ералиев (57 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары) күміске қол жеткізді. Ал Ділмұрат Мижитов (63 келі) пен Бек Нұрмағанбет (81 келі) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.  

Аталған додада Қазақстанмен қатар, Финляндия, Өзбекстан, Швеция, Франция, Ресей, Украина, Армения, Германия, Моңғолия, Ауғанстан, Уэльс, Нидерланды, Сербия, Эстония және Литвия боксшылары қолғап түйістірді.

Өзгелердің жаңалығы