Қазақ балуаны екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

16 Қыркүйек 2019, 15:10
2925
Бөлісу:
Қазақ балуаны екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында 77 келідегі Асхат Ділмұхамедов ширек финалға шықты.

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында 77 келідегі Асхат Ділмұхамедов 2 дүркін олимиада, 2 дүркін әлем, 4 дүркін Еуропа чемпионы ресейлік Роман Власовты күтпеген жерден жеңіп кетті. Қорытынды есеп - 3:0. 

Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-тан астам Олимпиада чемпиондары келді.

Чемпионатта 1002 балуан бақ сынап жатыр. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Әлем біріншілігі  туралы ақпарат таратуға  250-ден астам журналист тіркелді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қазақстандық балуандар жеңіспен бастады.

Өзгелердің жаңалығы