Қазалыда "Жайлы мектеп" аясында 2 мектеп салынады

3 Тамыз 2023, 21:03
991
Бөлісу:
Қазалыда "Жайлы мектеп" аясында 2 мектеп салынады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Қазалы ауданының білім беру саласында барлығы 91 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында кент пен қала ортасынан 600 орындық және Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп бой көтереді. 

Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қашақбай Пірімов ауылындағы №92 мектепті күрделі жөндеуге бюджеттен 231,4 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда қызу жұмыс жүріп жатыр. Нысанның құрылысын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың ауданда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баспасөз конференциясы өтті.

Өзгелердің жаңалығы