Қаза болғандар жоқ – Ташиев Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы айтты

28 Қаңтар 2022, 10:59
1075
Бөлісу:
Қаза болғандар жоқ – Ташиев Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев қазір шекарадағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты деп бағаланып отырғанын айтты.

Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ташиев Баткен қаласында. Ол тәжік тарапымен келіссөздер сағат 11:00-де басталатынын айтты.

Осы келіссөздерде барлық мәселе талқыланады. Түнде президент Садыр Жапаров жағдайды бақылап отырды, қазірге дейін бізбен байланыста. Оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылады, - деді ҰҚК басшысы.

Оның айтуынша, 11 әскери қызметкер зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы