Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайырымдылыққа жұмсалған" 3,5 млрд теңге ісі: Перизат Қайрат апелляциялық шағым түсірді

11 Тамыз 2025, 12:51
1992
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

3,5 млрд теңге ұрлады деп сотталған Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпаратты адвокат Асланбек Давлетьяров растады. Дегенмен ол егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін ол тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді.

Перизат Қайрат 2024 жылы 14 қарашада су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған. Одан кейін Қазақстандағы су тасқыны кезінде халыққа, мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинаған. Осылайша ол 3,5 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Осы үшін оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға, Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шығарды. 2025 жылғы 25 шілдеде жарияланған үкім қоғамда кең резонанс туғызды.

Еске салсақ, BAQ.KZ тілшісі елді дүрліктірген атышулы іске шолу жасап, Перизат Қайраттың ісіндегі негізгі үш факторға ерекше тоқталып өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы