Қайырымдылық қорларындағы қаражат мұқтаж жандарға жетіп жүр ме?

Бүгiн, 17:03
204
Бөлісу:
Қайырымдылық қорларындағы қаражат мұқтаж жандарға жетіп жүр ме?
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Елімізде әртүрлі бағытта көмектесетін қайырымдылық қорлары бар. Бірі ресми түрде тіркеліп көмек қолын созса, енді бірі ерікті түрде жұмыс атқарады. Қайырымдылық қорларындағы қаражат діттеген жеріне жетіп жатыр ма, зерттеу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздегі қорлар

Елімізде ресми тіркелген 100-ден аса қорлар бар. Оның ішінде ұйымдар жұмыс істейді. Қорлар 7 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Әлеуметтік, ғылыми, шығармашылық, білім беру , мәдени, халықаралық, тұрғын үй бағыты бойынша көмектеседі. Әлеуметтік бағыт бойынша - 35, ғылыми бағыт бойынша - 5, шығармашылық бағыт бойынша - 5, білім беру бағыты бойынша -11, мәдени бағыт бойынша - 8, халықаралық бағыт бойынша - 4, түрғын үй бағыты бойынша - 2 қор Egov порталында ресми тіркелген. Жылығанға жұбаныш, қүлағанға демеу болып көмектескісі келетін жандардың болғаны жақсы. Алайда түрлі қорларды ашып, халықтан жиналған қаражаттың қаншалықты қажетіне жұмсалып жатқаны беймәлім. Қайырымдылық қорлардың жұмысына күдікпен қарап туып, алғаш күмән тудырған "Асар-Уме" қайырымдылық қоры болды. Көп уақыт өтпей жатып Қаржы мониторингі агенттігі «Біз біргеміз Қазақстан» қайырымдылық қоры құрылтайшыларының бірі Перизат Қайраттың екі айға қамалғанын хабарлады.

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Агенттіктің хабарлауынша, қайырымдылықтың негізгі бөлігін қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдаланған.Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алған. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңге болатын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған, - делінген Қаржы Минитрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қайрат Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.

Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Осылайша, Перизат Қайрат өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған. Бұл хабарламадан екі күн өткеннен кейін Перизат Қайраттың заңсыз әрекеттері бойынша тағы бір дерек анықталады.

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинаған. Алайда 2023 жылдың желтоқсанында жиналған қаржының басым бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Палестинаға деп жинаған ақшаға ол "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған. Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілікті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Көпшіліктің аузында жиі айтылатын «Харекет» қоры (https://xareket.kz/reports) . Қор «Facebook» парақшасын белсенді жүргізуінен және «егер 1000 адам 1000 теңгеден жинаса, бір мұқтаж отбасы үшін кем дегенде бір үй сатып алуға болады»деген оймен алғашқы жиынды ашудан басталады. 2017 жылдың 7 қазанында Гүлмира Мұханқызы «1000 теңгеге баспана» ұранымен «Харекет «қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры құрылады. Кейін Қорға режиссер және «Өнер қырандары» театрының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Мадияр Серікбаев «Харекет» қорының құрылтайшыларының бірі ретінде қосылады. Қордың есептерін білу үшін арнайы сайттарын кіріп көрдік. Алайда қаржыға қатысты ақпаратын таба алмадық.

Қайырымдылық қорларындағы қаражат мұқтаж жандарға жетіп жүр ме?

Күмән тудырған «Асар Уме» қайырымдылық қоры. Қаржының қайда жұмсалғанын көрмек болып арнайы сайттарына (https://asarume.kz/) кіріп тексеріп көрдік. Өкінішке қарай қазақ тіліндегі нұсқасын таба алмадық. 2020-2021 жылдардағы есептері ғана көрсетілген.

Қайырымдылық қорларындағы қаражат мұқтаж жандарға жетіп жүр ме?

«Дара» қайырымдылық қоры (https://dara.kz/kz/about/reports/) 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Қордың міндеті жетім балалар мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Қордың арнайы ресми парақшасында 2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін есеп беру бөлімінде құжаттар тіркелген.

Қайырымдылық қорларындағы қаражат мұқтаж жандарға жетіп жүр ме?

Қорлар кімге есеп беруге міндетті

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, қайырымдылық ұйымдары жылына кемінде бір рет орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында немесе қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберіндегі кірістер мен шығыстар, қол жеткізілген мақсаттар туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс.

Сондай-ақ, қайырымдылық ұйымдары жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы есепті Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына ұсынады.

Әлемдегі қайырымдылық қорлары

Әлемдегі қайырымдылық қорларының қызметі қоғамға үлкен әсер етеді. Олар әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Кедейлікті жою, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениетті сақтау және тағы басқа бағыттар.

Ең бай қайырымдылық қоры – Bill & Melinda Gates Foundation. Бұл қордың активтері 67 миллиард доллардан асады. Ол денсаулық сақтау, білім беру, және жаһандық кедейлікпен күрес бағытында жұмыс істейді. Қордың негізгі жобаларының бірі – полиомиелит ауруын әлемнен толығымен жою.

Open Society Foundations (Джордж Сорос қоры) көптеген елдерде білім мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған. Олар 37 жылдан бері 16 миллиард доллардан астам қаражат бөлген.

WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) – ең ірі экологиялық ұйымдардың бірі. Ол 1961 жылдан бері жабайы табиғатты қорғау, орман алқаптарын сақтау, және климаттың өзгеруімен күресуде жетекші рөл атқарады. 2021 жылы WWF 11 миллиард доллардан астам қаражат жинаған.

Эндрю Карнеги 20 ғасырда АҚШ-та 2500-ден астам қоғамдық кітапхана салуға қаржылық көмек көрсетті. Ол кітапханаларды “білім беру кілті” деп санаған.

UNICEF (United Nations International Children’s Emergency Fund 1946 жылы құрылған. Штаб-пәтері: Нью-Йоркте орналасқан. Балаларға көмек көрсету, олардың құқықтарын қорғау және білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарады. ЮНИСЕФ балаларға гуманитарлық көмек көрсетуде көш бастап келеді.

Doctors Without Borders (Médecins Sans Frontières, MSF) 1971 жылы құрылған. Штаб-пәтері Швейцарияда. Әлем бойынша медициналық көмек көрсету. MSF қарулы қақтығыстар, эпидемиялар және табиғи апаттар кезінде жедел көмек көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы