Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайтарылған зергерлік бұйымдар қайта сатылымға шықты

15 Шілде 2025, 00:15
814
Бөлісу:
 kuva.kz
Фото: kuva.kz

Е-qazyna.kz онлайн-платформасында активтерді қайтару жұмыстары аясында тәркіленген қол сағаттары аукциондық саудаға қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС мәліметінше, аукционға жалпы бастапқы құны 352,3 миллион теңге болатын 25 қол сағаты қойылған.

Аукцион 31 шілде күні бағаны көтеру форматы бойынша өтеді.

Компания өкілдерінің айтуынша, аукционның мақсаты – қайтарылған активтердің ашық түрде сатылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тарапқа қатысуға тең мүмкіндік беру.

Өзгелердің жаңалығы