Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды

23 Қазан 2025, 09:58
308
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында 51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қолжетімді ету және оның сапасын арттыру.

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нысандарды медициналық ұйымдардың балансына өткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу және сондай-ақ заманауи жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар енді медициналық көмекті анағұрлым жылдам әрі аудан орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік туғанын атап өтуде.

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды

Заманауи медициналық пункттің ашылуы біз үшін үлкен оқиға. Бұрын аудан орталығына баруға тура келетін, ал енді бәрі жанымызда, - деді Нұра ауданы Қарой ауылының тұрғыны Күлкен Мұхамеджанова.

Жаңа медициналық пунктте жас маман Сабина Шульц жұмыс істейді.

Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Кабинеттер жарық, заманауи құрал-жабдықтар бар. Енді біз тұрғындарға жылдам әрі сапалы көмек көрсете аламыз, - деп атап өтті мейірбике.

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды

Нұра ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен барлығы 10 нысан – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және бір дәрігерлік амбулатория салынды.

Тап осындай өзгерістер Бұқар жырау ауданында да болды. Мұнда қайтарылған активтер есебінен 13 заманауи медициналық нысан салынды.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Ақтоғай ауданында тоғыз, Абай ауданында – сегіз, Осакаров ауданында – бес, Қарқаралы ауданында – төрт және Шет ауданында екі денсаулық сақтау нысаны салынды.

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.

Өзгелердің жаңалығы