Қазақстанның басым бөлігін тағы тұман басады

29 Желтоқсан 2019, 15:06
2543
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігін тағы тұман басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста дабылды ескерту жасады.

29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 25 м/с жетеді, - делінген хабарламада.  

Жақын арада және күндіз 29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.     

30 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Шымкент қаласында 30 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Сондай-ақ, Түркістан қаласында 30 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.  
 


Өзгелердің жаңалығы