Қайта даярлықтан өтетін мемлекеттік қызметкерлер не үйренеді?

22 Тамыз 2022, 10:03
1301
Бөлісу:
Қайта даярлықтан өтетін мемлекеттік қызметкерлер не үйренеді?
Фото: автордан

Елордада «Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл даярлау курстары үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқанын айтты.

Мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлық курстарынан үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Биыл А корпусының 50 саяси және әкімшілік қызметкері қайта даярлықтан өтуге шақыртылды. Бұл курстар Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті қайта жаңғыртуға қатысты тапсырмаларына сай өтеді, – деді Әбіл.

Ректордың айтуынша, мемлекеттік басқару ашықтық пен әділдік орнатуда өзгерістерге мұқтаж.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасы – мемлекеттік басқару алдында тұрған үлкен жұмыс. Жоғарғы санаттағы мемлекеттік қызметкерлер осы жұмысты қалыптастырып, мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Аталған курстар саяси және мемлекеттік қызметкерлерге жаңа әдіс қалыптастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Ерлан Әбіл.

Айта кетейік, қайта даярлау курстары 22 тамыз бен 4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы