Футбол клубы "Қайрат" әлеуметтік желілерде тарап жатқан, алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін ойынға билеттердің сатылымға шыққаны жөніндегі ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Клубтың ресми түсініктемесінде кез келген билет сату немесе брондау туралы хабарламалардың жалған екені айтылған.
Билеттерге қатысты жалғыз ресми ақпарат көзі – клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі ресми парақшалары, – делінген "Қайраттың" Instagram-парақшасында жарияланған мәлімдемеде.
Сонымен қатар билеттердің сатылымға шығу күні мен баға саясаты әзірге анықталмаған.
Клуб басшылығы жанкүйерлерді үшінші тараптардың жарнамаларына сенбеуге және билеттерді бейресми арналар арқылы сатып алмауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" пен "Реалдың" ойыны қашан өтетіні турады жаздық.