«Қайрат» –Қазақстан Суперкубогының иегері

3 Қыркүйек 2023, 04:45
387
Бөлісу:
«Қайрат» –Қазақстан Суперкубогының иегері
Фото: инстаграмм парақшасынан

«Қайрат» футзал клубы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда Алматы клубы Рудныйдың «Аят» клубынан басым түсті. Таразда өткен ойын 4:2 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді.

Жеңімпаздар сапында Денер хет-трик авторы атанса, тағы бір голды Педро өз еншісіне жазды. Рудныйлықтардан Евгений Козырчиков пен Леандриньо мергендік танытты.

Осылайша «Қайрат» осымен сегізінші рет осы атаққа қол жеткізіп отыр.

 Айта кетейік, 3-7 қыркүйек аралығында ел Кубогының алдын ала кезеңінің ойындары басталады.

24-25 қыркүйекте ел чемпионатының 1-2-туры өтеді. Онда «Қайрат», «Жетісу», «Ақтөбе», «Каспий», «Семей», «Атырау», «Астана», «Ордабасы», «Бәйтерек», «Аят», «Рахмет», «Қарағанды» клубтары өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы