«Қайрат» футбол клубына жаңа директор келді
1 Ақпан, 15:53 836

«Қайрат» футбол клубына жаңа директор келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қайрат» футбол клубының бас директоры қызметіне Асқар Асылбекұлы Есімов тағайындалды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі  хабарлады.

40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен.

Сондай-ақ Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» марапатымен марапатталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...