«Қайрат» «Добовецті» 7:0 есебімен жеңді

3 Желтоқсан 2023, 10:12
608
Бөлісу:
«Қайрат» «Добовецті» 7:0 есебімен жеңді
Фото: prosports.kz

«Қайрат» қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» командасына қарсы өткізді.

Қазақстандық команда Косовоның Приштина қаласында В тобында сынға түсті. Қарсыластары – «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово).

Кездесуде қазақстандық клуб жинақы ойын көрсетті. Ойынның 3-минутында словениялық қорғаушы өзінің қақпасына гол соғып алды. Одан кейін «Қайрат» сапынан Кайо Руис – 15, Дуглас Жуниор 17-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде қазақстандық команда сол басымдықты арттырды. Нәтижесінде Алекс Виана – 22 және 40, Біржан Оразов – 23, Альберт Ақбалықов 28-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы