«Қайрат» бүгін «Добовец» командасымен кездеседі

2 Желтоқсан 2023, 17:41
708
Бөлісу:
«Қайрат» бүгін «Добовец» командасымен кездеседі
Фото: Prosports.kz

«Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы үшінші ойынын бүгін, 2 желтоқсанда Словакияның «Добовец» клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық команда Косовоның Приштина қаласында В тобында «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово) командаларымен сынға түсііп жатыр.

«Қайрат» пен «Добовец» кездесуі елорда уақытымен 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Словениялық команда 1978 жылы құрылған. 1995 жылға дейін әуесқой ұжымдар арасында ойын көрсетті. Қазірге дейін өз елінде алты мәрте чемпион атанды.

Айта кетсек, қазақстандық ұжым қазірге дейін «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілсе, «Приштинаны» 11:2 есебімен сүріндірді.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл 20 мәрте бақ сынап, Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Өзгелердің жаңалығы