Сот Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімді ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерді: сотталған адам жазаның заңмен белгіленген мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген; кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген, тергеу барысында белсенді түрде ынтымақтастық танытып және жасаған қылмысына өкінеді. Мекеме басшылығы тиісті құжаттарды тапсырып, өтінішті қолдады, – делінген хабарламада.
Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.
Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
-сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.