"Қайрат" – "Астана" матчы: еріктілер стадиондағы қоқыстарды жинады

Аталған акция «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.

 Алматы қаласы әкімдігі Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
98
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда өткен «Қайрат» пен «Астана» командалары арасындағы матчтан кейін стадион аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Ойын аяқталған соң еріктілер дереу іске кірісіп, трибуналарды қоқыстан тазалап, аумақты ретке келтірді. Бұл бастамаға жанкүйерлер де белсенді түрде қолдау көрсетті.

Аталған акция «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Оның мақсаты – бұқаралық іс-шараларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.

Айта кетейік, бүгін «Қайрат» «Астана» құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

Наверх