Қаймақ қанша тұрады

17 Тамыз 2023, 10:31
732
Бөлісу:
Қаймақ қанша тұрады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған.

Қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 тг мөлшерінде.

Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек.

Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Өзгелердің жаңалығы