Қайғылы оқиға: Ұлытау облысындағы шахтада апат болды

17 Ақпан 2025, 21:50
1012
Бөлісу:
Қайғылы оқиға: Ұлытау облысындағы шахтада апат болды
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде 640 метр тереңдікте шахтада тау массасының құлауы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы