Қай саланың дәрігерлері көбірек қылмыс жасайтыны айтылды

19 Қыркүйек 2022, 14:50
1463
Бөлісу:
Қай саланың дәрігерлері көбірек қылмыс жасайтыны айтылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасын әзірлеу үшін 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерге, сондай-ақ 2017-2020 жылдары медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе хирургиялық бейіндегі өлім қаупі бар мамандарға қозғалады. Олардың қатарына акушер-гинеколог, хирург, травматолог, анестезиолог мамандар жатады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, зардап шеккендерге моральдық және материалдық залал төленген. 

Зардап шеккендердің пайдасына моральдық және материалдық залал өтемақысын төлеудің жалпы мөлшері 40 млн теңгеден асты. Сақтандыру төлемдері соттың шешімі бойынша сақтандыру полисі болған кезде жүзеге асырылады, қылмыстық жауаптылық танылған жағдайда төленбейді. Осылайша, медициналық инцидент туындаған кезде медицина қызметкері жалақысының деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Айта кететін жайт, сақтандыру жүйесін дамыту процесінде шағымдар санының біртіндеп азаюымен медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты пациенттің немесе оның туыстарының тарапынан шағымдардың өсуі болжанады, оны сақтандыру нарығы реттейді.

Өзгелердің жаңалығы