Қай өңірлерде су тасу қаупі жоғары? - министр жауабы

24 Қаңтар 2023, 10:53
2383
Бөлісу:
Қай өңірлерде су тасу қаупі жоғары? - министр жауабы
Фото: Үкімет

Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, төтенше жағдайлар министрлігі елді мекендерді су тасқынынан қорғауға ерекше назар аударып отыр.  

Ол бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен бар екенін сонымен бірге оларда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат қалып отырғанын атап өтті.

Былтыр су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті, - деді министр.

Сөзінше, бұл табиғи процесс қайтымсыз және үнемі алдын алу шараларын қажет етеді.

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар тәуекел дәрежесіне қарай бөлінеді. Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады, - деді  Юрий Ильин.

Сондай-ақ орташа тәуекелдерге Павлодар және Ұлытау облыстары кіреді.

Өзгелердің жаңалығы